20.04.2021, 18:04
Оқылды: 466

Батысқазақстандық ерікті жас Әселге ел риза

Қазіргі таңда қарап отырсаңыз, кез-келген шаралар, қала берді, жиындар еріктілердің қатысуынсыз өтпейтіндігі баршаға мәлім. Бұл дегеніміз – жүрегі мейірімге толы еріктілердің қоғам үшін жасап жатырған жұмыстарының теңдессіз екендігін көрсетеді.

әс1

Осы орайда саяси додаларда қоғамның, жастардың мәселелерін ашық айтып, мінбелерде көтеріп жүрген жастар жетерлік.

Соның бірі – «Nur Otan» партиясы БҚОФ мәслихатының депутаты Мырзахметова Әсел Қажыахметқызы.

әс2

Кеше ғана өткен туған күнінде Әсел көңілді отырыстан бас тартып, атаулы күнді мұқтаж отбасыларға жақсылық жасауға арнады. Сол күні барша достарын жинап, қаламыздағы аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарға «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында 35 отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізді.

Әсел Қажыахметқызы: «Адамға керегі – халықтың алғысы. Қазір карантиндік талаптарды бұзып, той, мерейтой, басқа да думан жасаушылардың қатары тиылай тұр. Осындай қиын-қыстау заман жекелеген отбасыларға ауыр тиіп жатырғаны да жасырын емес. Маған партия жанындағы қоғамдық қабылдауға көптеген отбасылардан өтініштер келіп түсіп жатады. Волонтер болғандықтан қолымнан келгенше жәрдем етіп, бар көмегімді тигізуге тырысамын. Сондықтан да сіздерді де осындай игі бастаманы қолдауға шақырамын. Туған күнге кететін қаражатыңызға мұқтаж жандардың мұңын өтеп, керегіне жұмсасаңыз, міне нағыз азаматтықтың белгісі. Туған жерге деген құрметтің негізін біз өзімізден бастауымыз керек деп білемін. Баршаңызды бірлесіп жақсылық жасауға шықарамын, - дейді ерікті жас, халық қалаулысы.

әс3

- Әселдің жыл басынан бері атқарған жұмыстары сан алуан. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі ісмер қыз-келіншектердің кәсібін алға жүргізу мақсатында іс машиналарын сатып алуға демеушілік жасауы, Тасқала ауданының осал топтағы 100 оқушының қысқы демалыстарын тиімді өткізу мақсатында «жасотандық» еріктілермен бірлесіп, қайырымдылық шарасын жүзеге асыруы – ел жадында.

Жақында ғана елімізде тұңғыш рет «Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын «Жас депутаттар корпусы» құрылды. «Нұротандық» жас депутаттардың қатарындағы Әсел Қажыахметқызы жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың мүдделерін қорғау үшін күш-жігерін аянбай жұмсарына сенім мол, - дейді жастар белсендісі Ерлік Шамғали.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале