2.10.2020, 14:39
Оқылды: 3081

Батысқазақстандық қос ұстаз үздік атанды

Бүгін Ұстаздар күні мерекесіне орай Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов республикалық «Үздік педагог – 2020» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты шара барлық өңірде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы өтті. Облыс әкімдігінде аталмыш шарамен қашықтан байланыс орнатылды.

Ұстаз 1

Байқаудың республикалық кезеңіне облыстағы мектепке дейінгі, жалпы білім беру және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының 7 педагогі жолдама алыпты. Солардың арасынан Сырым ауданындағы жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Гүлдана Нұғманова мен облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогі Мирболат Құспанов жеңімпаз атанды. Онлайн шара барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев жеңімпаз қос ұстазды марапаттады.

Ұстаз 3

– Ұстаздар күні – мағыналы да мәнді мейрамдардың бірі. Еліміздің түкпір-түкпірінде  тойланып, ұстаздарға ақжарма тілектер ақтарылатын күн. Ұстаздарға шығармашылық табыс тілеймін. Шәкірттеріңіз алған білімімен жетістіктерге жетіп, әрдайым қуанта берсін! - деген Серік Рахметоллаұлы жеңімпаздарға «Білім беру ұйымының үздік педагогі – 2020» төсбелгісін, куәлік, сондай-ақ 1000 АЕК мөлшерінде (2 778 000 теңге) сыйақы сертификатын табыстады.

Ұстаз 2

Айта кету керек, педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыруды, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін таратуды мақсат ететін байқау  2012 жылдан бері өтіп келеді.

 

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Ұстаз 6

Ұстаз 5

Ұстаз 4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале