19.04.2024, 13:05
Оқылды: 48

Батысқазақстандық Мария Бровкова Олимпиада ойындарына жолдама алды

"Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасы Токиодағы (Жапония) Азия чемпионатында тағы бір лицензия жеңіп алды", - деп хабарлайды Olympic.kz.

photo-output

Фото: Мария Бровкованың Instagram парақшасынанhttps://www.instagram.com/oralsporty/p/CuZ6DDMMpgc/

Екілік каноэде 500 метрге жарысудан сынға түскен түскен Мария Бровкова мен Руфина Искакова жолдамаға қол жеткізді.

Олар финалдық кезеңде бірінші болып келді. Ал бұл қашықтықта жолдама тек жеңімпаз спортшыларға беріледі.

Осылайша, ескек есушілер Париж Олимпиадасының екінші жолдамасын қоржынға салды. Бұған дейін Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров лицензия иегері атанған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале