15.03.2021, 10:56
Оқылды: 214

Батысқазақстандық оқушылар Олимпиада чемпионына құттықтау жолдады

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-интернатында 9-13 наурыз күндері аралығында «Дене белсенділігі – денсаулық кепілі» атты апталық өтті.

 

аа

Апталық аясында бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпионы, қазақ тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен боксшы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз Данияр Елеусінов туралы «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» тақырыбында смарт-таныстырылым өтті.

Смарт-таныстырылым барысында өрендер Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті 13 наурыз күнгі 30 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, бейнебаян жолдады.

Әлем чемпионы Данияр Маратұлы да оқушылар құттықтауын ықыласпен қабыл алып, ризашылығын білдіріп, Көрісу айт мерекесімен құттықтады.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Сурет Liter.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале