28.01.2021, 20:23
Оқылды: 530

Батысқазақстандық өнерпаз Түркияға жолдама алды

25 қаңтарда Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған республикалық «Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауы өтті.

 Ер 11

«Мен де жұлдыз боламын» жобасы – талантты балаларды ел ішінен іріктеп, халықаралық байқауларға қатыстыратын және балаларға арналған халықаралық байқауларды ұйымдастыратын жоба.

- Жоба талантты балалардың өнерін шыңдап, өнер әлеміне кең құлаш жаюына атсалысу, интеллектуалдық таным-сауатын арттыру, сонымен қатар халықаралық байқауларға қатысу арқылы өнерлі балалардың да, қазақ өнерінің де деңгейін көтеру мақсатында жұмыс жасап келеді.

Ер22

«Мен де жұлдыз боламын» жобасының іріктеу кезеңінен өтіп, финалға жолдама алған Орал қаласындағы №43 ОЖББМ 4б-сынып оқушысы Ералы Қадыров гала-концертте жүлделі ІІ ие болып, Түркия еліне жолдама алды. Ералыны жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық шыңдар мен биік белестерді бағындыра беруін тілейміз, - дейді Ераланың сынып жетекшісі, №43 ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Есқайырова.

Айта кету керек, Ералының жетекшісі де дарынды өренді конкурсқа дайындағаны үшін алғыс хатқа ие болды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале