28.11.2022, 13:01
Оқылды: 77

Батысқазақстандық спортшы тоғызқұмалақтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Батысқазақстандық Әсет Қайыржанов Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан мәресіне жеткен VI әлем біріншілігінде екі дүркін чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221128124419488e

БҚО құрамасының тоғызқұмалақтан аға бапкері Жарасхан Сағынбаевтың айтуынша, аталмыш додаға әлемнің 20 елінен 80 спортшы қатысты.

Жарыстың соңғы күні тоғызқұмалақтың рапид түрінен жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Әсет Қайыржанов жеңімпаз атанса, қазақстандықтар Асылхан Қожанәсіп – екінші, Нұрбек Қабиев үшінші орынға ие болды.

2211281248327015g

Осы чемпионат барысында Ә.Қайыржанов блиц түрінен де жеңіс тұғырына көтерілген еді. Сөйтіп ол екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, әлемдік жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Әлем біріншілігінде классикадан ерлер арасында қазақстандық Ғалымжан Темірбаев, әйелдерден Әсел Дәлиева топ жарды.

Блицтен әйелдер арасында Гүлжанат Алдабергенова жеңімпаз атанды. Рапидтен тағы бір қазақстандық Жәмила Байлдяшева чемпиондық атаққа ие болды.

«Жалпы, біріншілік қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтың әлемде кеңінен өріс алып келе жатқанын көрсетті. Алтын медаль жөнінен өңірлер арасында биыл Батыс Қазақстан облысы алдан көрінді. БҚО-ның еншісінде екі алтын», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Әбдікәрімов.

2211281248315806g

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық спортшының тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале