9.04.2024, 15:00
Оқылды: 57

Батысқазақстандық спортшылар су тасқынына қарсы күрестен тыс қалмады

Ел басына түскен қиын жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады. Қарапайым халық та, билік өкілдері де, еріктілер де қолынан келген көмекті көрсетіп жатыр.
Тасқынға тосқын болу ісінен өңір спортшылары да шет қалмады. Орал қаласы маңын су басып, тұрғындар үй-жайсыз қалған шақта "Орал" спорт кешенінде эвакуациялық пункт ашылды. Ол жерге қоныстанған ағайынды қажетті жабдықпен қамтып, төсек-орын дайындау жұмысын спорт клуб қызметкерлері атқаруда.

WhatsApp Image 2024-04-09 at 15.57.17

- Облыс спортшылары тасқынның алдын алу жұмысынан да шет қалып жатқан жоқ. "Ел ырысы" базары маңында жүрген спортшылар тасқын суға тосқауыл болар қапты құммен толтыруда, - деді Орал қаласы спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Одан бөлек спорт бөлімі эвакопункттегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі жарыстар ұйымдастыруда. Спортшылар Бірлік, Мөңкеұлы, Тәуелсіздік көшелеріндегі эвакопункттерді дайындау жұмысын өз мойындарына алды. Күні кеше спортшылар Әйтиев көшесіндегі уақытша орналастыру орнын ретке келтірді.

WhatsApp Image 2024-04-09 at 15.56.47

- Ел басына күн туғанда спортшылар да қалыс қалмады. Барлығы қолынан келер көмегін ұсынып жатыр. Қажет болған кезде кезекшілік жұмысын да атқарып жүр, - деді Армат Исанов.

WhatsApp Image 2024-04-09 at 15.56.21

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале