15.02.2021, 11:37
Оқылды: 157

Батысқазақстандық студенттер Мұқағали өлеңдерін оқыды

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» студенттер арасындағы онлайн мәнерлеп оқу байқауының қорытындысын жариялады.

мұқаш1

Байқауға БҚО бойынша ЖОО мен колледж студенттері қатысты. Онлайн форматта өткен байқауда қатысушылардың бейнежазбалары @massov.obdu Instaqram парақшасына жарияланып отырды.

Тәжірибелі педагог-маман Гүлмира Ташенова, айтыскер ақын, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Орынбек Меңдіқұлов бастаған қазылар алқасы байқау қорытындысын шығарып, жүлдегерлерді анықтады.

Бөрлі колледжінің студенті Ернар Төлеуов (жетекшісі Жарқынбек Шынтаев) бас жүлдені иеленді.

Байқау барысында ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы ұлықталды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале