3.02.2024, 16:37
Оқылды: 7605

Батысқазақстандықтар Кабирханның иесін күтіп алды

Бүгін батысқазақстандықтар Дубайдағы бәйгеде екі мәрте жеңіске жеткен жүйрік Кабирханның иесі, жерлесіміз Тілек Мұхамбетқалиевті Орал әуежайында күтіп алды.

Кабирхан – Тілек

Еске сала кетейік, Кабирхан атақты Meydan ипподромында өткен «Al Maktoum Challenge Presented by Longines» бәйгесінің ІІ кезеңінде де бірінші келіп, топ жарған еді.

Кабирхан

Енді Кабирхан 30 наурызда өтетін Дубай кубогіне қатысады. Бұл – финал.

– Тұлпарды 2022 жылы екі жасында сатып алдым. Сол уақыттың өзінде Алматыда өткен үш бәйгеде шауып, бәрінде де жеңіске жетті. Кейін Ресейде алты жарысқа қатысып, жарыстың бесеуінде бірінші келді. Ол 11 жарыстың онында топ жарды. Дубайда өткен бәйгеден соң рейтиңі көтерілді. Ал финалға АҚШ бапкері Даг Уотсон дайындап жатыр, - деді Тілек Абайұлы.

IMG_0581

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния да Дубай чемпионы болған.

Кабирхан 1

Жерлесімізді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин және БҚО «Бәйге» федерациясының президенті Сатқали Байзуллин құттықтап, елдің алғысын жеткізді.

IMG_0588

– Қазақстанның атын әлемге паш еттіңіз. Араб Әмірлігінде туымызды желбіреттіңіз. Ақжайық ақындарының өлеңдері сәйгүлікке арналып жатыр. Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Кабирхан жеңіс тұғырынан көріне берсін! - деді Жеңіс Махамбетұлы.

Динара Насыр,

Гүлмира Сарсенғали

Фотоға түсірген: авторлар және Замир Габдрахманов

zhaikpress.kz

Кабирхан Кабирхан Кабирхан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале