10.02.2022, 15:30
Оқылды: 92

Бейжің Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекші жарыстан шеттетілді

Қазақстандық Денис Никиша Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шорт-тректен 1500 метрге жарыста сәтсіз өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

03

Жарыстың ширек финалында Никиша құлап қалып, нидерландылық Ицкак де Лаатты құлатты. Осының нәтижесінде отандасымыз жарыс жолынан шеттетілді.

Айта кетейік, бұл жарыста тағы бір қазақстандық Әділ Ғалиахметов те өнер көрсетті. Ол екінші орын алып, жартылай финалға шықты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале