11.03.2021, 21:34
Оқылды: 236

Бекетте кептеліс болған жоқ

8 наурыз мерекесі қарсаңында әлеуметтік желілерде «Сырым» өткізу бекетінде көлік кептелісі болды» деген ақпарат тараған еді. Алайда ол бекетке арнайы барған мониторингтік топ бұл қауесеттің жалған екенін анықтаған. Бұл туралы «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында өткен брифингте құзырлы мекеме өкілдері мәлім етті. 

 WhatsApp Image 2021-03-11 at 11.57.49 (3)

БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Ерболат Ғайнешевтің сөзінше, қазір облыс аумағынан өтетін мемлекеттік шекарадағы алты өткізу пунктінің төртеуі қызмет көрсетеді. Соның ішінде «Сырым» Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арасындағы жүк тасымалы аутокөлігін өткізетін ең ірі пункт саналады. Бұл пункттен күніне 1200-1600 жүк аутокөлік өтеді.

– Бұран «Сырым» өткізу бекетінде, яғни 2019 жылы  жөндеуден өткенге дейін 10 шақырымға дейін көлік кептелісі орын алатын еді. Осыған қатысты біраз мәселе айтылатын. Алайда жөндеуден соң бұл мәселе шешілді. Таяуда мереке қарсаңында әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде «300 көлік  кептелісте тұр» деген әңгіме тараған еді. Осыған байланысты арнайы жедел топ құрып, бекетке барып, мән-жайды анықтадық. Оның өтірік екені белгілі болды. Ол жерде, Ресей Федерациясы шекарасына дейін, яғни «Маштаков» аутокөлік өткізу бекетіне дейін кептеліс орын алған. Жүргізушілердің айтуынша, қолайсыз ауа райына байланысты жол дұрыс тазаланбай, жүруге кедергі келтірген. Жалпы, Ресейге шығатын көлік жүргізушілері үшін ең ыңғайлысы  осы «Сырым» өткізу бекеті болып отыр. Сондықтан бұл бекеттен көлік көп өтеді. Алайда кептеліс болдырмау бағытында жұмыстанудамыз, - деді Ерболат Ғайнешев.

Ерболат Баймұратұлының айтуынша, өткен жылы жүргізілген жұмыс нәтжесінде тауардың ілеспе құжаттарының дұрыс рәсімделмеуі бойынша 304 заңбұзушылық анықталған. Алайда оларға шекарадан өтуге мүмкіндік бермей, кері қайтарылған. Сонымен бірге құжаттардың тауарлар әкелуге қатысы жоқ тұлғаларға рәсімделгені анықталып, бюджетке қосымша 45 млн теңге қаражат түскен. Құжаттары дұрыс рәсімделмеген немесе құжаттары болмаған жүргізушілерге 5,3 млн теңге айыппұл салыныпты. Ерболат Баймұратұлы тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарын рәсімдеудің пилоттық жобасы іске қосылғанын атап өтті.

Басқосуда «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» БҚО-да орындалуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингілеу тобы жетекшісінің орынбасары Борис Лаврентьев те сөз алды.

Спикерлер айтып өткендей, мониторингілеу тобының міндеті осы бекеттерден өтететін жүк тасымалы аутокөліктеріне, яғни тауардың ілеспе құжаттарының дұрыстығына мониторинг жүргізу болып  табылады. Брифингті жүргізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің  басшысы Біржан Хайруллин шекара бекеттеріндегі экспорттық бақылауды жүзеге асыру бағытында жұмыстар жалғасатынын айтты.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале