8.01.2024, 15:30
Оқылды: 214

Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуге ниетті

Жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде екінші орында тұрған америкалық файтер Белал Мухаммед қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

IMG-20240108-WA0005

Фото: prosports.kz

Мухаммед жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардсты жеңетініне толық сенімді, ол жеңіп алған титулын Шавкат Рахмоновқа қарсы кездесуде қорғауды жоспарлап жатыр.

«Титулды жеңіп алған соң Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші мәрте атағымды қорғаймын. Біз мұнда тарих жасау үшін және оны кейінге үлгі ретінде қалдыру үшін келдік», - деді файтер.

Айта кетейік, Мухаммед пен Эдвардс биыл сәуір айында Лас-Вегаста өтетін UFC 300 турнирінде кездесуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале