1.02.2021, 17:35
Оқылды: 245

Белсенділер алғыс арқалаған күн

Дүйім елді дүбірлеткен саяси дода – сайлау науқаны өз мәресіне жетіп, жетінші шақырылған Парламент пен облыстық мәслихаттың жаңа құрамдағы алғашқы сессиясы өткені де күні кеше. Әрі облыс бойынша 283 269 адам өз таңдауларын жасап, сайлаушылардың 81,25 пайызы «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс бергені көпке мәлім. Мұның артында көзге көрінбес қаншама еңбек жатыр десеңізші. Өткен апта соңында сайлаудың ойдағыдай өтуіне белсене атсалысып, өздерінің зор қолдау көмектерін көрсеткен сондай бір топ батысқазақстандықтарға Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы алғысхаттары табысталды.

DAB15918-4F84-4B11-8438-597521478555

– 2021 жылдың 10 қаңтары Тәуелсіз еліміз үшін тарихи күн болып ел есінде қалары айқын. Бұл жолғы сайлаудың басты ерекшелігі – әрбір үміткер праймериз арқылы, нақтырақ айтсақ, бірнеше сатыдан өтіп іріктелді. Әрі бірде-бір ауыл, елді мекен назардан тыс қалған жоқ. Мұның бәрі көптің көз алдында өткені де шындық. Олай болса, біздің партияның айқын басымдықпен жеңіске жетуі – сіз бен біздің ортақ жеңісіміз. Сол үшін де өздеріңізге  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шынайы алғысхатын жолдап отыр, – деді  жиынды ашқан «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Мұрат Мұқаев.

Оның айтуынша, осынау саяси нуқан кезінде белсенді іс-әрекеттерімен танылған 1300-дей жерлесімізге Елбасымыз өз алғысхатын жолдапты. Олардың ішінде халық сенімін арқалаған депутаттар, партия ардагерлері, штаб мүшелері және өңірімізге танымал тұлғалар да бар.

Партия төрағасы қол қойған алғысхатта «ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіремін» деген ізгі тілек жазылған. Бұл күні мұндай марапатқа алғашқы болып облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева бастаған бірқатар халық қалаулылары ие болды.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале