1.09.2022, 16:51
Оқылды: 1413

Бес ауданға тоғыз автобус берілді

Бүгін Оралда ауылдық жерлерде тұратын оқушыларды тасымалдау үшін тоғыз мектепке  автобус кілттері табыс етілді.

автобус (3)

«Балалар жылы» аясында мектеп көліктерін табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Темірғалиева, аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Еліміздің ертеңін қалайтын жасөспірімдердің сапалы білім алуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Осы орайда, оқушыларды мектепке күнделікті тасымалдауды сапалы ұйымдастыру және автокөліктерді жаңарту мақсатында облысқа жаңа 54 автобус беріледі. Мектептері жоқ 73 елді мекенде тұратын 4 062 бала білім алуы үшін күн сайын барлығы 56 мектепке көлікпен жеткізіледі. Балаларды тасымалдауға арналған көліктерді жаңарту мақсатында лизинг арқылы автотранспорттар алынуда. Бүгін «ПАЗ» маркалы автобусын Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Казталов, Сырым аудандарының мектептеріне салтанатты түрде табыстадық. Жаңа көліктер оқушыларымыздың игілігі үшін қызмет етсін! Оқу жылы табысты болсын! - деді Бақытжан Хаберұлы.

автобус (5)
Айта кетейік, республикалық бюджеттік комиссиясының шешіміне сәйкес мектеп жасындағы балаларды тасымалдауға арналған автобус 54 мектепке беріледі.

- Облыстың Сырым, Жаңақала аудандарына бір-бірден, Бәйтерек және Ақжайық ауданына екеуден, Казталов ауданына үш, барлығы тоғыз дана, 21 орындық ПАЗ маркалы көлігі берілді. Автобустарды лизинг арқылы сатып алу үшін жалпы 2 млрд. 799 599,7 мың теңге бөлінді. Қалған 45 автобус қарашаның аяғына дейін жеткізіледі деп жоспарлануда, - деді БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Луара Батырғалиева.

Динара Насыр,
Суретке түсірген Гүлмира Сәрсенғалиева
zhaipress.kz

автобус (1) автобус (2) автобус (3) автобус (4) автобус (6) автобус (7) автобус (8) автобус (9) автобус (10) автобус (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале