3.04.2023, 9:46
Оқылды: 663

Бибісара Асаубаева 8-турда Жу Цзинермен тең түсті. Қазақстандық 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр

Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 3-кезеңінде 8-тур ойындары аяқталды. Мұнда көптің назарын аударған басты кездесу көш басында тұрған отандасымыз Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер арасында болды. Тартысты өткен ойында жеңімпаз анықталмай, тең аяқталды. бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

b8b6cdc68540360df8e11229eb62ac64

Фото: kazsports.kz

Бибісара мен Жу осыған дейін 4 мәрте кездескен: қазақстандық бір рет, ал қытайлық 2 рет басым түссе, қалған матчта бірін-бірі ала алмаған.

Бұл турдағы қалған ойындардың нәтижесі мынадай:

Екатерина Лагно – Александра Горячкина, ½ – ½

Харика Дронавалли – Нино Бациашвили, 1 – 0

Полина Шувалова – Вайшали Рамешбабу, 1 – 0

Кешегі 8-турда Нана Дзагнидзе мен Хампи Конеру демалды.

Қазір Бибісара 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орында. Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді.

61663501c11b4cec91a23434085e9d0b

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале