6.04.2023, 9:00
Оқылды: 146

Бибісара Асаубаева Делидегі Гран-придің күміс жүлдегері атанды

Бибісара Асаубаева Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 3-кезеңінде ІІ орын алды. Отандасымыз шешуші, 11-турда Катерина Лагномен тең түсіп, 6 ұпай жинады. Бұл туралы kazsports.kz хабарлады. 

22c4c1d85df6ac41842a2050b45e7d19

Фото: kazsports.kz

Осы тұста бүгін қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, 6 ұпайға қол жеткізгенін айта кетейік. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алды. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.

Бірдей ұпай жинаған 3 ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.

Айта кетейік, Гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале