11.09.2026, 21:00
Оқылды: 52

Бибісара Асаубаева «Global Chess League» турнирінде бақ сынауда

ҚР Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Үндістанның Бангалор қаласында 3-13 қыркүйек аралығында «Global Chess League» халықаралық шахмат лигасының төртінші маусымы өтіп жатыр.

IMG_20260911_183842_790

Фото: DRSQazaqstan

Әлемнің үздік шахматшылары мен Үндістанның беделді ойыншылары бас қосқан аталмыш бәсекеде алты команда жылдам шахмат бағдарламасы бойынша өзара мықтыны анықтауда.

​Қазақстан атынан бұл жарысқа қатысып жатқан Бибісара Асаубаева «Fyers American Gambits» командасының сапында өнер көрсетуде. Сегіз турдың қорытындысы бойынша отандасымыздың командасы 2-орында тұр.

Жарыстың шешуші кезеңі аясында 11 және 12 қыркүйекте 9-шы және 10-шы турлар, ал 13 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале