26.07.2023, 9:45
Оқылды: 64

Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры тағайындалды

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры қызметіне Әбдірахманова Нәзира Қабдоллақызы тағайындалды. Бұл туралы ​​ҚР-ның Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

2a87e601-8e23-4da0-86af-83bf50d47335

Назира Әбдірахманова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау облысында педагог болып бастап, 2002 - 2014 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінде түрлі лауазымдарды атқарды.

2014-2018 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл ауданының білім бөлімі» ММ басшысы.

2018-2020 жылдары- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті балалар мен ересектерге арналған тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы.

2020-2022 жылдары- ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің мектепке дейінгі, орта, арнайы және инклюзивті білім беруді күтіп ұстау және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2022 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2022 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім Комитетінің білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале