9.09.2022, 17:00
Оқылды: 177

«BILIM HIGH» зияткерлік жобасының финалы өтуде

Биыл Батыс Қазақстанда «Балалар жылы» аясында білім басқармасы мен «AQJAYIQ» телеарнасының бірлескен «БІЛІМ – HIGH» телевизиялық зияткерлік жобасы қолға алынған еді.

WhatsApp Image 2022-09-09 at 16.46.23

Оқушылардың зияткерлік дамуы мен тұлғалық қалыптасуын, коммуникативтік және зерттеу құзыреттілігін дамыту, оқуға деген ынтасын арттыруды мақсат еткен жобаға 9-10 сынып оқушылары қатысқан.
Әр команда да 4 қатысушыдан барлығы 16 команда, 64 оқушы жобадан қалыс қалмады.
БҚО білім басқармасының мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін бағдарламаның 15 түсірілімі өткен. Жоба 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында аптасына бір рет көрсетілген.

WhatsApp Image 2022-09-09 at 16.46.23 (1)
Бүгін үздік нәтиже көрсетіп, жоғары ұпай жинаған Бөрлі ауданынан келген "WestTrend" және қаладағы "Білім-инновациялық лицейі" командасы бақ сынауда.
Талантты да тапқыр оқушылардың арасынан мықтыларды анықтау үшін "Білім марафоны", "Аламан", "Эрудит", "Бәйге" атты кезеңдерде білімдері сыналады.
Осылайша телевизиялық жобаның жеңімпаздары анықталмақ.

Динара Насыр,
Сурет: Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале