28.03.2022, 12:10
Оқылды: 118

Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасында спартакиада өтті

 23-25 наурыз аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Ақжайық» спорт сарайында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасындағы  VI - шы  «Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.

5Q5A0569

Бұл шараның мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында Кеңес Одағының батыры М. Мәметованың 100 жылдығын атап өту және кәсіподақ  ұйымдарының жұмысын жетілдіру мен  бірлігін нығайту, білім және ғылым қызметкерлері  арасында  салауатты  өмір салтын  насихаттау.

Спартакиаданың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов «Биыл Кеңес Одағының  батыры Мәншүк Мәметованың туғанына – 100 жыл толуына орай, «Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді», - деп атап өтіп, білім саласының облыстық кәсіподақ мүшелері арасындағы  спартакиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі сөз кезегін алған, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, кәсіподақ мүшелерінің арасындағы «Денсаулық» спартакиадасы жоғары дәрежеде өткізіліп, оған тек  мұғалімдер ғана емес, барлық қызметкерлер де қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысып отырғанына өз алғысын білдірді және бұл шараның осымен алтыншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

Ал БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі облыстық VІ–шы «Денсаулық» спартакиадасына арнайы шақырумен  келген  қонақтарға,  ардагер-ұстаздарға алғыс білдірді.

Ұйымдастырылған спорттық – көпшілік шараға барлығы 18 құрама командалар қатысып, спорттың волейбол және үстелді теннис ойындарынан бақ сынасты.

5Q5A0149

«Денсаулық» спартакиадасының ережесіне сәйкес, волейбол ойыны бойынша 1 орын –  Жаңақала ауданы;  2 орын –  қалалық № 14 мектебі;  3 орын  –  Бөкей ордасы ауданы иеленді. Үстелді теннистен І орын – Казталов ауданы, ІІ орын – қалалық № 14 мектебі, ІІІ орын – қалалық № 24 мектебі иеленді.

Білікті төрешілердің саралауы бойынша спортшылар арасынан үздік ойыншылар да анықталып, заттай сыйлықтар және грамоталармен марапатталды. Олар -  «Үздік» волейбол ойыншылары – Данияр Бакишев (қалалық № 14 мектеп), Хайрушев Темірлан (Жаңақала ауданы), Саматов Алихан (Бөкейордасы ауданы). «Үздік» үстелді теннис ойыншылары –  Дәрменов Мақсот (қалалық № 24 мектебі), Набиев Асылбек (қалалық № 14 мектебі), Сейфулла Махаббат  (Казталов ауданы). 

Екі  күнге  созылған облыстық VІ-шы «Денсаулық» спартакиадасының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте: 1 орын – № 14  мектебіне,  2 орын – Казталов ауданына,  3 орын –  Жаңақала  ауданына берілді.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы І орын иеленген қалалық № 14 мектебі құрама командасына «Ақжайық» шипажайына тегін  10 жолдама  және  жүлделі орындар иеленген құрама командаларға кубоктар мен заттай естелік сыйлықтар табыстады.

Гүлжанат Құрмангазиева,

 БҚО білім және

ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қызметкері

 

 Фото авторы Виктор Предыбайло

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале