15.02.2022, 9:45
Оқылды: 143

Биологиялық белсенді қоспалар адам ағзасына қалай әсер етеді

Қазіргі уақытта адамдар әртүрлі дәрумендер ретінде биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қабылдап жатады. Дегенмен, олардан қалаған нәтиже ала алмай, көңіл томаушылықтары да кездеседі. Осыған орай, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ББҚ-ны қабылдау, оның пайдасы мен зияны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220214163532171e

Департаментте мәлім еткендей, биологиялық қоспаларға: мультивитаминдер, минералды кешендер, эхинацея сығындысы, омега 3, хондопротекторлар және иммуномодуляторлар кіреді.

«Дәріханаларда әртүрлі түрдегі биоқоспаларды: дәрілер, капсулалар, ұнтақтар, тұнбалар, бальзамдар, сироптар, гелдерді ұсынады. Табиғи немесе табиғи ұқсас заттарды аз көлемде (ББҚ) ішуге, тамаққа, кремдерге, бальзамдарға және т.б. қосуға болады. ББҚ құрамына өсімдіктер, шөптер, минералдар, тағамдық талшықтар, ара өнімдері, теңіз өнімдері, балдырлар, пробиотиктер, ашытқылар және басқа да заттар кіруі мүмкін. Бірақ, дәріні олармен ауыстыруға, сондай-ақ, ауруды өз бетінше емдеуге болмайды.

Биологиялық белсенді қоспалар бірқатар маңызды факторларға байланысты бірнеше кластарға бөлінеді. Негізгі үш топ: эубиотиктер, нутрицевтиктер және парафармацевтиктер деп аталады. Олар белгілі бір компоненттердің құрамы мен пайыздық құрамы бойынша бөлінеді. Көптеген биологиялық белсенді қосылыстар, мысалы, флавоноид класы сияқты, организм әртүрлі өсімдіктерден алады», - деп мәлім етті департаментте.

Сондай-ақ, әрбір тамақ қабылдау кезінде қосымша ретінде ББҚ пайдалануға болады. Дегенмен, онда да абай болу қажет.

«Мысалы мультивитаминдерді алайық. Олардың құрамында 10-нан артық компоненттер болуы мүмкін. Олардың барлығы сізге қажет пе? Алдын алу үшін мұндай витаминдерді қабылдауға болмайды, себебі мультивитаминдерді бақылаусыз қабылдаудың зияны туралы бірқатар зерттеулер бар»,- деді департаментте.

Егер сіз ББҚ қабылдасаңыз, онда оның мөлшерін сақтау қажеттігін есте ұстаңыз.

«Бета-каротиннің шамадан тыс мөлшері темекі шегушілерде өкпе обырының даму қаупін арттырады. Ал кальций мен D витаминін көп тұтыну бүйректе тастардың пайда болу қаупін арттырады. ББҚ пайдалана отырып, олардың дәрі-дәрмек емес екенін және арнайы сертификаттауды талап етпейтінін біліңіз, дәрі-дәрмек ретінде арнайы сынақтан өтпеді, бірақ оларды дәріханаларда сатып алуға болады.

Жалпы биологиялық белсенді қоспалар адамды емдемейді, олар аурулардың алдын алу құралы болып табылады. Олар адам ағзасын тамақ арқылы алатын пайдалы заттар мен минералдардың жетіспеушілігін өтеуге болады. Әсіресе, жүйке және дене жүктемелерінің жоғарылауы кезінде, сондай-ақ, адам аурудан кейін қалпына келгенде өте маңызды. Сондай-ақ, жарнамаланатын биоқосымшаларды қабылдау алдында міндетті түрде емдеуші дәрігерге барыңыз.

Есіңізде болсын, кейбір қоспалар дәрілік дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттеседі, бұл ағзаға жағымсыз және қауіпті салдары болуы мүмкін. Ал дәрі-дәрмектерді басқа дәрігер сізге қабылдауға жазып берсе, онда оған қандай қоспаларды қабылдайтыныңызды айтуды ұмытпаңыз. Қоспаларды сауатсыз, заңсыз қолдану қайғылы және жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін», - деп ескертті департаментте.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале