8.08.2022, 14:30
Оқылды: 85

Бір аптада елімізде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді 

Өткен аптада елімізде 3 397 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

220718120603890e

Сурет: ҚазАқпарат

«Елдегі криминогендік жағдайға тоқталсақ, бір апта ішінде 3 397 қылмыс жасалды. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды», - деді Ш. Тұрлыбек онлайн брифингі кезінде.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері ізін суытпай жеті кісі өлтіру қылмысын, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысын, бір қарақшылық, сондай-ақ 34 тонау және 539 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале