17.03.2023, 12:30
Оқылды: 220

Бір-біріңе гүл сыйла!

Бүгін «Орал өңірі» газеті редакциясының қызметкерлері бір-біріне гүл сыйлады. Бірнеше жылдан бері жалғасын тапқан игі шара жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады. 109 жылдан астам тарихы бар басылымның бас редакторы Бауыржан Ғұбайдулиннің бастамасымен өтетін шараға ұжымның үлкен-кішісі бірдей белсенді қатысады. Жер-жаһан жаңарып,  жасарып жатқан көктем мейрамы қарсаңында әріптестер  бір-біріне өздері өсірген гүл сыйлап,  редакцияны шуақ пен шат-шадыман көңіл күйге  бөледі.

60079dea-6361-420d-9e32-f19306d24269

   –  Гүл сыйлау қай ұлт, қай халықта да жақсылықтың, ақ пейілдің, ізгі ниеттің белгісі. Біздің ұжымда  бір-бірімізге гүл сыйлау бірнеше жылдан бері дәстүрге айналды. Бұл жақсы үрдіс, жасампаз дәстүр бүкілхалықтық сипатқа ие болса дейтінбіз. Биыл Бәйтерек ауданындағы  Өркен мектебінің ұжымы біздің бастамамызды қолдап, бір-біріне гүл сыйлауда, - деп атап өтті облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин.

c27501d4-40c5-4503-adac-309184ea98ac

Гүлдің пайдасы көп. Жұмыс бөлмесінің ажарын ашып, хош иіске бөлеп тұрған бөлме гүлдерінің маңызы зор.  Өсімдіктер де сезімтал  келеді. Гүлдер де адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Жайнап өскен бөлме гүлдері иесіне жанға жайлы ахуал  сыйлары сөзсіз. Наурыз мерекесі қарсаңында  Өркен орта мектебінің оқушылары ұстаздарына, мұғалімдер шәкірттеріне гүл сыйлап, бір-бірін қуантуда.

WhatsApp Image 2023-03-17 at 14.29.36

Жақсы бастама жаппай қолдау тауып, көкжиегі кеңейе бергей!

Гүлжамал Жолдығали,

Фото: Мади Салық

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале