19.03.2023, 18:09
Оқылды: 40

Бір учаскеде – 11 байқаушы

Орал қалалық №40 мектепте орналасқан № 465 учаскеге сағат 15:00-ге дейін 255-ке жуық адам дауыс беруге келген. Бұл жөнінде «Ел дауысы» қоғамдық қорының бақылаушысы Ақтоты Жұмасейітова хабарлады.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 18.22.43

Оның айтуынша, сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де ашылған. Байқаушы заңсыздық деректерінің тіркелмегенін айтты. Сайлау комиссиясының хатшысы Ақмарал Баетова биыл учаскеге тіркелген байқаушылар саны көп екенін атап өтті.

– ҚР Парламент Мәжілісін және жергілікті мәслихаттарды сайлау -  маңызды науқан. Әртүрлі партиялар мен кандидаттар атынан келген сенімді өкілдер көп. Учаскеде 2138 сайлаушы тіркелген. Біздің учаске орталық базар маңында орналасқан. Сондықтан базардағы абыр-сабыр аяқталғасын, дауыс берушілер саны көбейеді. ҚР Президентін сайлау кезінде электораттың 60 пайыздайы келді, – деді Баетова.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале