27.11.2023, 10:15
Оқылды: 52

Бірінші мемлекеттік Думаға қатысқан қазақ зиялылары кімдер?

Ресей Мемлекеттік Думасы негізінен жоғары заң шығаратын орган ретінде 1906 жылы пайда болған билік ұйымы.

жп дала

Алғашқы Ресей Мемлекеттік Думасы 1906 жылы 27 сәуірде шақырылады. Оған 1905 жылғы 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша 524 депутат сайлануы тиіс делінді.

Алайда 1906 жылғы 27 сәуір мен 9 шілде аралығындағы Дума жиынына 499 депутат қатысады. Ресейдің Бірінші Мемлекеттік Думасы бар болғаны 72 күн қызмет етеді.

Бірінші мемлекеттік думаға Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов, Орал облысынан Алпысбай Қалменов, Семей облысынан Әлихан Бөкейханов, Ақмола облысынан Шаймерден Қосшығұлұлы депутат болып сайланады.

Бірінші мемлекеттік думада негізінен Думаның құқын кеңейту, жергілікті басқаруды жариялау, жерге жеке меншікті енгізу, білімдегі ағартушылық мәселесі, діндегі еріктілік мәселесі, баспасөз бостандығы және тағы басқа өзекті мәселелер көтеріледі.

Алайда дума депутаттарының сауалдары патша тарапынан қолдау таппады.

Керісінше мемлекетке қарсылық деп танылып, 1917 жылдың 9 шілдесінде патша жарлығымен Бірінші мемлекеттік дума таратылады.

Зұлқожа Шарафутдиновғ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале