19.02.2023, 0:36
Оқылды: 88

Бірінші орын алғандар

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Орал қаласы командасы І орынды иеленді.

92AA3671-806B-4274-94CB-E5980230C691

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі 13-18 ақпан аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән және жаратылыстану-математика бағытындағы 6 пән бойынша ҚазИИТУ ғылым-білім кешені базасында өтті. Олимпиадағы мектепішілік, аудандық (қалалық) іріктеу кезеңдерінен өткен жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 633 оқушы қатысты. Олардың 84-і – Орал қаласы мектептерінің оқушылары.
Олимпиада бүгін қорытындыланып, жүлдегерлер анықталды.

7A308259-A4F2-4270-94A6-FB9326426466

Өңір оқушыларының білім деңгейі сыналған додада қала мектептерінен 50 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олардың 10-ы — бірінші, 21-і — екінші, 19-ы — үшінші орын алды және
20 оқушы алғыс хатқа ие болып, жалпы командалық есепте қала командасы командалық рейтинг бойынша І орынды иеленді.

ІІ орынды дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты командасы, ІІІ орынды Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық мектеп-лицей-интернатының командасы алды.

16F8A4C8-9246-403A-8078-115926188017

Айта кетейік, оқушылар арасында өтетін түрлі білім байқауларының қатарында бәсі биік дода — пәндік олимпиада. Осы олимпиадада төртінші жыл қатарынан қала командасы үздік шығып, бірінші орын алып отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале