29.12.2022, 11:45
Оқылды: 260

Бисен Жұмағалиевтің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтуде

Оралдағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасында соғыс және еңбек ардагері, белгілі журналист, қоғам қайраткері Бисен Жұмағалиевтің 100 жылдығына арналған «Елін сүйген ер» атты дөңгелек үстел өтуде.

12

Оған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, еңбек жолындағы әріптестері мен замандастары, туған-туыстары мен еңбек ардагерлері қатысуда.

- Бүгін белгілі журналист, соғыс және еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Бисен Жұмағаливтің 100 жылдығына арналған шарада бас қосып отырмыз. Мерейлі жасына орай өңірде біраз танымды шара ұйымдастырылды. Ақжайық ауданында облыстық конференция, Бәйтерек ауданындағы Шолохов музейінде еске алу кеші, облыстық және қала кітапханаларында кітап көрмелері, облыстық музейде дөңгелек үстел, мектептерде танымдық сағаттар мен спорттық шаралар өтті. Біз бүгін ол туралы естілік әңгімелермен бөлісу үшін жиналып отырмыз, - деді Бақытжан Хаберұлы.

13

Жиында ақын туралы естелігімен бөліскен өлкетанушы Жайсаң Ақбай Ақжайық ауданындағы Есенсай мектебіне оның есімін беруді ұсынды.

9

Бисен Жұмағалиев 1922 жылы 22 желтоқсанда бұрынғы Тайпақ, қазіргі Ақжайық ауданына қарасты Сайқұдық ауылында дүниеге келді. Ол 1942 жылдың қаңтар айында майданға аттанып, 13-дивизияның құрамында Ленинградты қорғауға қатысты. Ортақ Отанға қауіп төніп, ел басына күн туған сол бір сұрапыл соғыс жылдары Бисен Жұмағалиұлы қару мен қаламды қатар ұстап, «На страже Родины» газетінің қазақ тіліндегі «Отанды қорғауда» атты парақшасын шығаруға жүйелі атсалысты. Осылайша Бисен Жұмағалиев 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақтан шыққан 79 әскери журналистің бірі болды. Өзі соғыста қан кеше жүріп, Бисен Жұмағалиұлы қазіргі «Орал өңірі», сол кездегі «Екпінді құрылыс» газетіне майдандағы жағдай, қазақ жауынгерлерінің жанқиярлық ерлігі мен тылдағы ел-жұрттың жанкешті еңбегінің нәтижесінде тылдан алдыңғы шепке жеткен азық-түлік пен жылы киім-кешек түріндегі көмектің сардар-сарбаздарға тың күш-қуат құйып, жалын-жігер сыйлап, рухтарын көтергендігі жөнінде мақалалар жолдап тұрған.

Шара соңында үйіне орнатылған ескерткіш тақтаға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қызы Баян Жұмағалиева, БҚО ардагерлер тқрағасы Мақсаот Берген, ұлы Асқар Атаев гүл шоқтарын қойды.

10

11

Динара Тілекқызы,
Суретке түсірген Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале