8.04.2024, 14:49
Оқылды: 12

Бишімбаев ісіндегі куәгер: сотта Нүкенованың сіңлілері, құрбысы, дәрігер мен полицейден жауап алынады

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінің судьясы көз жұмған Салтанат Нүкенованың екі сіңлісінен, концертте бірге болған құрбысынан, сондай-ақ оқиға орнына алғаш келген "жедел жәрдем" дәрігері мен полицейден жауап алуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

бешімбаев

Куәгерлер

– Сотталушы Бишімбаевтан жауап алғаннан кейін куәгерлерден: Салтанаттың сіңлілерінен, құрбысы Ахмединадан жауап алуды ұсынамын. Ахмединадан жауап алынғаннан кейін іс бойынша мән-жайларды толық және дұрыс анықтау үшін оның Салтанатпен алмасқан хатын ұялы телефонынан зерттеуді қажет деп санаймын, - деді судья дүйсенбіде сот отырысында.

Осы куәгерлерден кейін сотта куәгер Мұхамбердиновадан жауап алу жоспарланған. Ол сол түні бірінші болып келіп, Салтанатты аман аып қалуға тырысқан жедел жәрдем дәрігері. Куәгер Марченко – бірінші келген полиция қызметкері.

Сондай-ақ сотта Байжановтың жедел жәрдем диспетчерімен әңгімелесу жазбасы және полицейдің жетонынан бейнежазба зерттеледі.

Әрі қарай, сотта кісі өлтіру түнінде мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен "Бао" мейрамханасының менеджерінен жауап алынады.

Сонымен қатар, марқұмның денесіне зерттеу жүргізген сарапшы сотқа шақырылады.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале