25.03.2022, 12:15
Оқылды: 95

Бішкекте Бангладеш азаматтарын құлдықта ұстағаны рас па - Қырғыз ІІМ түсіндірді

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Бангладеш Республикасының азаматтарын Бішкектегі тігін шеберханасында мәжбүрлеп жұмыс істетуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

220325110133342e

Осылайша, наурыз айында полицияға келген Бішкек тұрғыны қаладағы жаңа ғимаратта орналасқан тігін цехтердің бірінде Бангладеш азаматтарын қорқыту арқылы күштеп құлдықта ұсталып жатқанын айтқан.

Аталған факті Ішкі істер министрлігінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тексеру барысында аудармашының қатысуымен Бангладеш Республикасының 14 азаматы сұралды.

«Шетел азаматтарының Арча-Бешик тұрғын алабында орналасқан үйдің ауласында жұмыс істеп, сонда тұрып жатқаны белгілі болды. Жоғарыда аталған тігін цехы «Али и Агзам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім бойынша жұмыс істеген және Қырғыз Республикасының аумағында жұмыс істеуге рұқсаты болған», - деді ІІМ.

Сондай-ақ, Бангладеш азаматтарының келісімшарт негізінде жұмыс істеп, жалақы алып жүргені анықталды.

«Бұл ретте оларды қорлау, қорқыту, ұрып-соғу жағдайлары болған жоқ. Бұл азаматтар өздері жұмыс істейтін жер – тігін цехында тұрған», - деп түсіндірді полицейлер.

Істің мән-жайын анықтау мақсатында Бангладеш Республикасының азаматтары тергеу қызметіне жеткізіліп, оларға дене жарақатын келтіру фактісін анықтау үшін арнайы сот-медициналық сараптама тағайындалды, іс бойынша қатысқан куәгерлер аудармашының қатысуымен жауап берді.

Бүгінде сараптама қорытындысы дайын емес. Бішкек қаласы Ленин аудандық ішкі істер басқармасының тергеу қызметі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале