4.07.2022, 13:00
Оқылды: 82

Биыл 200-ден астам жаяу жүргінші жол апатынан көз жұмды

Осы жылдың басынан бері елімізде жол-оқиғалары кезінде 200-ден астам жаяу жүргінші қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220704132821a3951046d

Сурет: ҚазАқпарат 

«Жол-көлік оқиғаларында да қаза болғандар мен жарақат алғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды. Онда 200-ден астам адам қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жарақаттанды. Ал жаяу жүргіншілердің кінәсінен 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда 40-тан астам адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жарақат алған», - деді ол Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Осы ретте ол жүргізушілерді жолдарда дөрекілікке және бассыздыққа жол бермеуге, алкогольді немесе есірткіге масаң күйінде көлік жүргізбеуге шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале