2.12.2021, 15:42
Оқылды: 66

Биыл 22 спортшы алтыннан алқа таққан

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі мәдениет пен спорт саласына ерекше тоқталып өтті.

4DA86D36-E7DA-45EA-B011-087A3CE3ED1F

-Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің ірі мәдени нысандарының бірі болып саналатын 920 орындық «Атамекен» өнер ордасы ашылды.

14

Биыл облысымызда алғашқы рет «Жайықфест» Халықаралық фильмдер кинофестивалі өтіп, оған әлемнің және елімізден 100-ге жуық фильм қатысты.

Елбасының 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тапсырмасымен биыл алты спорт кешені пайдалануға берілген болса, алдағы екі жылда тағы алты спорт кешені салынбақ.

Біздің кәсіпкерлер мемлекет бастамасын шынайы қолдап, өз қаражатына соңғы екі жылда 7 спорт нысанын салды,-деді Ғ.Есқалиев.

15

Сондай-ақ, биыл батысқазақстандық спортшылар әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарында 314 рет жеңімпаз атанды. Соның ішінде, Әлем чемпионатында 12 алтын, Еуропа біріншілігінде 3 алтын, Азия чемпионатында 7 алтын медальға ие болды.

Жанбота Жәрдемова,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале