24.06.2022, 14:45
Оқылды: 167

Биыл 4 000 қазақстандық қажылыққа барады

Биыл Қазақстаннан 4 000 адам қажылыққа барады. Оның алғашқы легі Сауд Арабиясына 28 маусымда аттанбақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
160ebef257d443bd8182d975adc43325

Сурет: Zakon.kz

Қасиетті мекенге сапарлаушылар саны биыл 1 000-ға көбейді. Десе де әдетте жыл сайын 2-3 миллион адам шақыратын Сауд Арабиясы биыл 1 миллионнан астам адам қабылдамақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Парызын өтеушілердің жасы 65-тен аспауы тиіс. Яғни 1957 жылы 1 шілдеден кейін дүниеге келгендердің баруына мүмкіндігі бар.

Жолаушылар ковид тестілеуінің «теріс» нәтижесін көрсетуге міндетті. Бұдан бөлек, менингококк инфекциясына қарсы екпе салдыруы тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале