22.11.2022, 11:15
Оқылды: 30

Биыл 450-ге жуық дәрігер ауылдарға жіберілді – Ажар Ғиният

Биыл өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылға – 444 дәрігер бөлінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды, келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді, ал кейбір әкімдіктер (Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары) 3-5 миллионға дейін бөледі», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жұмысы жүргізіледі.

«Мемлекет басшысы 3 жыл ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ға ұлғайтуды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар, резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жоба пысықталуда. Биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылға – 444 дәрігер бөлінді», - деді А. Ғиният.

Сонымен бірге, шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында көлік медицинасы дамыған. Медициналық көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін 149 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Еліміздің 10 өңірінде 64 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары қайтадан іске қосылды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі ауыл тұрғындарында жиі кездесетін ауруларды атаған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале