23.08.2023, 10:30
Оқылды: 40

Биыл 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған.

bb79b2c9-7baf-4f16-99cb-1bd01a2abe8b

Биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 344 жоба мақұлданды. ✅

2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылып жатыр.

Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Айта кетейік, несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі.

Жалпы 2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале