6.02.2020, 18:31
Оқылды: 88

Биыл Ақсайда 9 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

Бұл туралы Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов есептік кездесуде мәлімдеді. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысты.

aksai (2)

-Қазір тұрғын үй кезегінде 2 500-ге жуық, жер теліміне кезекте тұрған 11 629 адам бар.

Ақсай қаласының Аралтал шағынауданында 1200-дей жер теліміне барлық коммуникациялар тартылып, кезекте тұрғандарға берілуде.

Биыл 9 қабатты 126 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Үй «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында «Тұрғын-үй ҚұрылысЖинақБанкі» салымшыларына және кезекте тұрғандарға берілмек. Жобалардың әрқайсысының құны - 1,2 млрд. теңге.

aksai (1)

Бұдан басқа, 9 қабатты 198 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысының жобасы әзірленді. Тағы 9 қабатты 126 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысының жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Ауданда көп балалы жанұя саны да артып келеді. Мемлекет тарапынан аталған санаттағы жанұяларға ерекше көңіл бөлінуде. Қазір 96 жанұя тұрғын үйге кезекте тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында Ақсай қаласының Аралтал шағынауданында 80 көп балалы жанұяға арналған тұрғын үйдің жобасы рәсімделді. Оныншы шағынауданда салынып жатқан жеке құрылыс нысанынан 3 бөлмелі 12 пәтерді сатып алу мәселесі қарастырылуда, - деді аудан әкімі М.Сатқанов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале