7.11.2019, 19:09
Оқылды: 65

Биыл БҚО-да 2392 көше қылмысы тіркелген

     Бүгін көше қылмыстары - тонау, қарақшылық қылмыстары бойынша БҚО ПД Орал қ. Пб бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Жантемір Иманалиев Таңатарұлы БАҚ-қа сұхбат берді.

«Бүгінгі күні көше қылмыстарыны саны, яғни, ұрлау, тонау, қарақшылық қылмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеді. Яғни, биыл 2392 қылмыс тіркелсе, былтыр осы мерзім ішінде 2771 қылмыс болған еді. Көше қылмыстарына автокөлік ұрлап әкету, автокөліктерді тонау қылмыстарын жатқызуға болады. Бүгінгі күні қала аумағында автокөліктерді ұрлау бойынша 70 факті тіркеліп отыр. Мұндай жағдайдың орын алуының бірден бір себебі қаламызда, тұрғын үйлердің жанында автотұрақтардың санының артуы және жүргізушілердің сақтық шараларын қолданбауы болып отыр.  Осыған байланысты мұндай қылмыстардың алдын алу бағытында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында автотұрақтарға бейнекамералар орнату қажет  тұрғын үйлердің тізімін сұрап қала әкімдігіне хат жазған болатынбыз.  Сондай-ақ, автокөліктерден ұрлау фактілері де азайар емес. Әккі қылмыскерлер көліктің терезесін сындырып, керекті құралдарын алып кетіп жатады. Осыған байланысты қала тұрғындарына мүліктеріне аса мұқиятпен қарап, мүмкіндігінше көліктерін ақылы тұраққа қою қажет», - деп кеңес берді.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале