5.02.2024, 17:56
Оқылды: 62

Биыл БҚО-да 6500 тұрғын «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқытылады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында тұрғындардың қаржылық сауаттылықтығын арттыру бойынша партияның «Қарызсыз қоғам» атты жобасының тиімділігін атап өтіп, жалғастыру қажеттілігін айтты.

b0d20812-21c6-4b76-9cad-de978f70ec9b

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл «AMANAT» партиясы эксперт-сарапшыларды оқытып, осы жылғы жоспарды жасақтады. Аталмыш жоба жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жүзеге асырылуда.

Бүгінгі өңірлермен алғашқы бейнеконференц байланысы арқылы өткен алғашқы отырысына қатысқан «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, биыл еліміздің барлық 20 өңірінде 200 мың адамды оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған әдістемелік құралдар әзірленеді. Бұл шамамен 100 мың студент пен 450 мың оқушыны қаражатқа неғұрлым жауапты қарауға үйретуге мүмкіндік береді.

fba8ab6c-b378-4698-b743-0736e1e9ed9c

«Биыл қаржылық сауатты мектеп қабырғасынан бастап арттыруды қолға аламыз. Сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінде партиямыздың филиалдары жанынан «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері ашылады. Онда кез келген адам қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша келелі кеңес ала алады. Бүгінде әрбір екінші қатысушының отбасындағы ортақ табысы 100 мың теңгеге де жетпейді. Сонымен қатар курстан өткен азаматтардың үштен бірінде екі немесе одан да көп несие бар. Қатысушылар арасында баласының несиесін төлеуге мәжбүр болған зейнеткерлер де кездесті. Жобаның негізгі мақсаты – адамдарға несие ауыртпашылығын жеңілдетуге көмектесу. Былтыр 65 мыңнан астам отандасымыз қаржылық сауатын арттырды. Енді оны 750 мың адамға жеткізуді көздеп отырмыз», – деп алдағы жұмысқа сәттілік тіледі Дәулет Кәрібек.

fd46f20e-1fac-4834-9645-41799235fdce

Батыс өңірінен бұл отырысқа облыстық партия филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен жобаны ұйымдастыруға жауапты басқарма басшылары және облыстағы екінші деңгейлі банк басшылары мен өңірдегі жобаға жауапты сарапшы маман қатысты.

Айта кету керек, былтыр партия тарапынан ұйымдастырылған оқуға 65 мың тұрғын қатысқан. Осы қатысушыларға жүргізілген анализге сүйенсек, жобаға қатысқандардың 75 пайызы әйел. Оның 24 пайызы жұмыссыз. Қарызға кіргендердің қатарында студенттер де бары анықталды. Ал Батыс Қазақстан облысы бойынша жоба аясында оқытудың бірінші легі 6 ауданда өтіп жатыр. Олар Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Жаңақала, Сырым ауданы. Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында 2024 жылы облыс бойынша 6500 адамды оқу курсынан өткізу жоспарланып отыр.

Атап өту керек, 2023 жылы аталмыш жоба аясында облыс бойынша 9403 адам оқу курсынан өткен.

«AMANAT» партиясы,

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале