30.01.2020, 13:34
Оқылды: 57

Биыл Бөкей ордасында аудан жолдарын күту үшін жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге бөлінген

Бұл туралы жылдық қорытынды есепте Бөкей ордасының әкімі Нұрлан Рахымжанов мәлімдеді.

orda akim

Бөкей ордасы ауданында автомобиль жолының жалпы ұзындығы 385 шақырым болса, республикалық маңызы бар жол 124 шақырым.

-Республикалық жолдың 103 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу үшін конкурстар аяқталды. Нәтижесінде 50 шақырымын мердігері «Атырау жолдары» ЖШС, 53 шақырымын «Ақ Жол Құрылыс» ЖШС жөндейді. Бұл мекемелер әзірлік жұмысын бастап кетті.

Аудандық жолдар да назардан тыс қалған жоқ. Саралжын ауылына апаратын 26 шақырым жолдың қажетті учаскелеріне қиыршық тас төселді. Бисен ауылының кірме жолына асфальт жабынды төсеу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Жалпы аудан жолдарын күту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге бөлінді.

Сайқын және Хан Ордасы ауылдарындағы көшелерге асфальт төсеу үшін жобалық-сметалық құжат дайын. Бұл жұмыс «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асады, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале