7.02.2024, 9:45
Оқылды: 45

«Биыл чемпион болады». Шавкат Рахмоновтың артықшылығы айтылды

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың клубтасы Фаниль Рафиков Prosports.kz сайтына промоушеннің жартылай орта салмақ дәрежесін екіге бөлу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

шавкат

Фото: Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан

«Менің ойымша, олар дивизионды бөлмейді. Себебі оның ешкімге пайдасы жоқ. Жаңа дивизион, жаңа белбеу, көптеген файтер жаңа салмақ дәрежесіне ауысады. Салмақ санаттары көп болса, гонорарға да көбірек қаражат жұмсалады. Бәрі бұрынғыдай қалады деп ойлаймын. Ал Шавкат – табиғи орта салмақ файтері, салмақ қууы аз: жеңіл салмақтан да аз. Ол биыл чемпион болады деп күтеміз.

Жаңа салмақ санаттарын қосу тәжірибені бұрын Eagle FC қолданды - бұл жарамады. Салмақ категориялары 90-жылдардың аяғында ойлап табылған және бекітіліп қойған», - деп есептейді файтер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале