3.04.2020, 14:45
Оқылды: 92

Биылғы облыстық бюджет көлемі – 226 млрд. теңге

2020 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау үшін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХIV сессиясы өтті. Сессияда баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Тілепберген Каюпов бюджет шығысын нақтылау ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Жарлықтары негізінде жүзеге асатынын хабарлады.

BCDB03F1-39C4-4E79-B305-545C84F99FCE

Бюджет қаражатының басым бөлігі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға бағытталады. Бағдарлама ауқымында 25,6 млрд теңгеге инфрақұрылымдық жобалар қаржыландырылады.

Әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта құру – 4,4 млрд. теңге, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі және орташа жөндеу, қайта құру – 15,8 млрд. теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (су құбырлары және көшелерді жарықтандыру) күрделі жөндеу, салу және қайта құру – 3 млрд. теңге, елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, аулаларды,  скверлерді, балалардың ойын және спорт алаңқайларын абаттандыру және көгалдандыру) – 2,4 млрд. теңге. Бұдан басқа 700 млн. теңге төтенше жағдайға байланысты шараларды жедел қаржыландыру үшін төтенше резервті толықтыруға бағытталады, деді Тілепберген Каюпов.

45754FF7-3F55-4F73-9B3D-858456922169

Енгізілген өзгерістер есебі бойынша облыстық бюджет 226 млрд. теңгені құрайды. Сессия отырысында депутаттар бюджетті нақтылауға қатысты өзгерістерді пысықтаған соң, облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобаны мақұлдады.

 Нұртай Текебай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале