8.01.2021, 11:20
Оқылды: 137

«Биылғы сайлау ашықтығымен де ерекше»

Шаттық Утебалиева – Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер мұғалім. Өзінің алғаш рет қатысқан саяси додасында тұрғындардың жеткілікті дауысын жинап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыруда белсенді жұмыстар жүргізіп келген жас үміткер.

1f2c56ca-1452-495f-a975-675cfd449158

Әлеуметтік желілердегі басымдықтарды пайдалынып, партия атынан ұсынылып жатқан үміткерлер 2 ай көлемінде тұрақты түрде әр түрлі әлеуметтік топтарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келді. Сол секілді онлайн тікелей эфирлердің бірі Шаттық Саматқызының инстаграм парақшасында өтті.

Жастармен өткен кездесуде желі пайдаланушылары үміткерге бірнеше сұрақ қойды. Оның ішінде студент жастарға арналған басымдықтар және жас отбасыларға көрсетілетін қолдаулар да айтылды. Бұл орайда, үміткер партияның сайлауалды бағдарламасын алға тартып, алдағы жылдары студенттер үшін гранттар саны мен шәкіртақы көрсеткіштерінің өсетіндігін жеткізді. Сонымен қатар, жас отбасылар үшін жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріліп, колледждер мен ЖОО-дағы жатақхана санының 50 мыңға артатынын айтты.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале