15.07.2022, 16:45
Оқылды: 172

Биылғы жарты жылда 21 есірткі зертханасы жойылды

Биылғы алты айда Ішкі істер министрлігі 21 есірткі зертханасын жойған. Бұл туралы ведомствоның жартыжылдық жұмысын қорытындылаған министр Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021_06_23_148d1633-1ef0-44ec-bade-8f27fb607b10-750x375

Сурет: egemen.kz

«Биыл 3,5 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оның 84 келісі – синтетикалық есірткі. Сонымен қатар 21 есірткі зертханасы жойылып, үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді», - деп атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды ведомство басшысы.

Бұдан бөлек, министр 6 айда тіркелген тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне тоқталды.

«Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық туралы 70 мың хабарлама түсті. 43 мың жағдайда шақырушы арыз беруден бас тартқан. Бірі жәбірлеушімен татуласса, енді бірі қайталанатын қауіптен қорқады. Бұл жерде тәртіп сақшысының өкілеттігі шектеулі. Арыз болмаса, заң бұзушы жауапқа тартылмайды. Сондықтан қоғамда тұрмыста зомбылық көрсеткендерді қылмыстық жауапқа тарту керек деген ұсыныс та көбейді. Осыған орай, тұрмыстық қылмысқа қатысты заңнамаға түзету енгізіп, әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтып, ескерту орнына қоғамдық жұмысқа тарту керек», - деді Марат Ахметжанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале