12.01.2022, 17:53
Оқылды: 233

Біздің күшіміз - бірлікте, қуатымыз - ынтымақта!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында елдегі көптеген мәселені ашып айтты. Біз Президент айтқан кемшіліктер мен қателіктердің бар екенін мойындауымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік-экономикалық және саяси салалардағы, мемлекет пен қоғамның дамуындағы қаңтар дағдарысы әшкерелеген барлық түйіткілді атады. Мемлекет басшысының «еститін мемлекет» тұжырымдамасын жеке өзі жүзеге асырып, қоғамды толғандыратын барлық мәселеден хабардар болуының маңызы зор.

4
Мемлекет басшысының «қоғам мемлекетке емес, мемлекет қоғамға, елге қызмет етуі керек» деген сөзін ерекше айту керек. Бүгінде нақты әрекет ететін, өзгеретін уақыты келді.
Біз бәріміз бірігіп, лаңкестер мен тонаушылар келтірген орасан зор залалды қалпына келтіруге, жаһандық ауқымда бәсекеге қабілетті экономиканы құруға және дамытуға тиіспіз.
Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы осынау қиын сәтте Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайды тұрақтандыру және бейбіт өмірге оралу үшін дер кезінде және дұрыс шешімдер қабылдады. Мен елімнің болашағына сенемін. Біздің күшіміз - бірлікте, қуатымыз - ынтымақта!

Тұрарбек Тлемісов,

облыстық мәслихат депутаты,

"ОралТранс" ЖШС директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале