14.03.2022, 15:45
Оқылды: 182

БҚАТУ-да Амал мерекесі атап өтілді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде бүгінгі жұмыс аптасы мерекелік көңіл күймен басталды. 

DSC08434

Университеттің бас ғимаратында «Жастар бастамасын дамыту орталығы» мен «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру»  институтының ұйымдастыруымен «Көрісу айт» мерекесі тойланды.

DSC08440

Ұлттық нақышта киінген білім алушылар мен институт ұжымы оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді құрметпен күтіп алып, мерекелік дастарқаннан дәм ұсынды.

IMG-20220314-WA0084

Барлығы бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып, ізгі тілектерін жолдады.

IMG-20220314-WA0085

Мұндай мерекелік іс-шаралар ертемен университеттегі өзге институттар мен орталықтарда да жалғасын тапты.

БҚАТУ медиа-орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале