27.01.2023, 23:33
Оқылды: 191

БҚАТУ-да спорттық шара қорытындыланды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Денсаулық-2023» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Бүгін спорттық іс-шараның жеңімпаздары марапатталды.

80A54255-806A-4E9B-B604-24EBA66A5333

Әуелгі байлық денсаулық екенін естен шығармайтын Жәңгір хан университетінің ұжымы жылдағы дәстүрден жаңылмай, профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Денсаулық -2023» спартакиадасына белсенді түрде қатысты.

9-20 қаңтар аралығында спорттың 12 түрі бойынша өзара бақ сынасқан жеті құрама команда намысты қолдан бермеуге тырысып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Атап айтқанда, командалар волейбол, баскетбол, шахмат ойыны, дартс, пневматикалық қарудан оқ ату,үстел теннисі, жұптық үстел теннисі, көңілді сөре, қол күресі, футзал, шаңғы эстафетасы және арқан тарту сайыстарына жұмыла қатысты.

AD6B25A5-AF17-4AFF-B0D5-BE1C69C711D1

Аралық жеңімпаздар тізімінде волейбол және дартс ойындары бойынша «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты көш бастаса, шахмат ойыны мен пневматикалық қарудан оқ атуда «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты оқ бойы озық тұрды, ал баскетболда «Әкімшілік құрамасының» ойыншылары қарсыластарына дес бермеді.

300-ге жуық профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысқан тартысты бәсекеде «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты мен Әскери кафедра қызметкерлерінен құралған команда қарсыластарына дес бермей, жеңіске жетті. Жеңімпаз команда ауыспалы кубокты иеленді. Екінші орынды «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты» командасы жеңіп алса, жүлделі үшінші орынға «Политехникалық институт» командасы тұрақтады. Жүлделі орын алған командаларға дипломдар табысталып, спорттың әр түрі бойынша үздіктер де марапатталды. Сонымен қатар өз әріптестерімен бірге болып, спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен команда жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале