14.12.2023, 17:41
Оқылды: 88

БҚАТУ-да тарихи күннің маңыздылығы ескерілді

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде бірқатар іс-шара ұйымдастырылды.

34882917-6458-4957-b0a6-c3d6b34f8a5b

Қазақ елі үшін қастерлі күнді ұлықтауға арналған іс-шаралар аясында еліміздің дамуына өз үлестерін қосқан өңіріміздегі танымал азаматтармен кездесулер ұйымдастырылды. Университеттің коворкинг орталығында өткен шараға қатысқан Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов пен қоғам қайраткері Ерсайын Шәтінов студент жастарға Тәуелсіздік күнінің маңызы туралы айтып, ата-бабалар аңсаған егемендіктің қадірін білуге шақырды.

f953106e-ef19-44f4-9e03-ac4718e70531

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінде өткен «Көк тудың желбірегені» атты музей сағаты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік Туының авторы,«Парасат» орденінің иегері, көрнекті суретші Шәкен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойына арналды. Шара барысында университеттің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Есқайрат Хайдаров «Ту авторы – Шәкен Ниязбеков» атты баяндама оқып, аталған тақырып төңірегінде көптеген ақпараттармен бөлісті.

№50 орта мектептің 1-сынып оқушысы Дастан Ерланов Ж. Молдағалиевтың «Қазақ» өлеңін оқыса, І курс студенттері «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

Индустриалды-технологиялық институтында өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік шараға жерлесіміз, қоғам қайраткері, «Зерде» қоғамдық қорының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қуанышбай Төлебаев шақырылды. Ұзақ жылдар көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, өз үйінен музей жасақтаған Қуанышбай Төлебайұлы жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал ететін әсерлі әңгімелер айтып, кештің маңызын арттырды. Сонымен қатар институт белсенділері тарихи қойылымдарын ұсынып, қастерлі датаның құндылығына назар аудартты.

6f68deaa-e34e-4c5a-8f19-7d05c5fad034

Осындай игі іс-шаралардың бірі – «Тәуелсіздіктің дара жолы» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Басқосуда алдымен сөз алған университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов Тәуелсіздік мерекесінің өскелең ұрпаққа жүктер жауапкершілігіне тоқталды. Дөңгелек үстел барысында аға оқытушы, магистр Акбар Сералы «Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз», аға оқытушы, т.ғ.к., Есқайрат Хайдаров «Тәуелсіздік бізге қалай келді», МЭЭҒ-11 тобының магистранты  Фариза Ғабыл-Манапова «Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы және оның ғылымның дамуына әсері» атты баяндамалар оқыды.

Ләззат Қажымова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале