27.09.2024, 10:45
Оқылды: 149

БҚАТУ-ға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі келді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы БҚАТУ медиа орталығы хабарлады.

B8B98DFE-612A-4A1E-B548-9653A9A85D0D

Өңірімізге келіп, іргелі білім ордасына арнайы ат басын бұрған елшіні университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы қабылдап, шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар білім ордасының қазіргі тынысынан, ғылыми әлеуетінен, халықаралық бағдарламалар аясындағы іс-шаралардан, елшілікпен байланыс жұмыстарынан хабардар етті.

Өз кезегінде елші Дэниел Розенблюм университет ұжымын АҚШ елшілігінің өзге де бағдарламаларына қатысуға шақырып, өзара әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Сапар барысында елшілік өкілдері университеттің Сынау орталығындағы зертханаларда және Жәңгір хан атындағы музейде болды.

F4EECC56-B8D6-4857-B19C-BDB179286F40

Университетте атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына, сондай-ақ қазақ хандарының ішінде ең мықты реформатор болған Жәңгір Бөкейұлының реформалары мен оқу-ағарту бағытындағы істеріне қызығушылық танытты.

Еске сала кетсек, Жәңгір хан университетіне АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің сапары кездейсоқтық емес.

БҚАТУ АҚШ елшілігі ұйымдастыратын «Fullbright» бағдарламасына алты жылдан бері қатысып келеді. Бүгінгі таңда «Fullbright» шәкіртақысы аясында АҚШ-тың Огайо штатындағы Оберлин колледжінен (жеке гуманитарлық университет) келген Джошуа Боуен (Joshua Bowen) есімді волонтер студенттер мен оқытушылардың ағылшын тілінен білімдерін жоғарылату бағытында жұмыстанып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале