29.12.2022, 16:17
Оқылды: 1439

БҚАТУ-лық ғалымдар «Болашақ» стипендиясының иегерлері атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үш оқытушысы шетелде кадрлар даярлау бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

14

Олар енді шетелдік жоғары оқу орындарында белгілі бір мерзім көлемінде ғылыми тағылымдамадан өтетін болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген «Политехникалық институт» директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Сабина Хайруллина мен «Агротехнология институтының» доценті м.а., PhD докторы Арайгүл Жұмаева Беларусь еліндегі мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде ғылыми тәжірибелерін толықтырады. Сабина Ғұмарқызы «Ауылшаруашылығы техникасын дамыту мен ауылшаруашылығын цифрландырудың өзекті мәселелері» бағыты бойынша алты ай білімін жетілдірсе, Арайгүл Қажмұқанбетқызы «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бір жыл іс-тәжірибесін толықтырады.

Ал «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институтының аға оқытушысы, магистр Айнұр Давлетова К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында мал шаруашылығы, соның ішінде құс шаруашылығы бағытында алты ай ғылыми тағылымдамадан өту үшін Ресейге жол тартпақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жәңгір хан университетінің қос ғалымы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанып, шетелдік жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болған еді.

БҚАТУ медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале