8.06.2021, 12:43
Оқылды: 273

БҚАТУ студенті Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды

Әскери самбодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Әділбек Сеисов жүлделі 3-орынды иеленді.

F4D4C915-C831-4EAC-96F9-84DF24EDE2AA

Байрақты бәсеке ағымдағы жылдың 4-6 маусым аралығында Ташкент қаласында өткен болатын. Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Жәңгір хан университетінің студенті Әділбек Сеисов бұл жарыста 64 келі салмақ дәрежесі бойынша үш белдесу өткізіп, түркімен және қырғыз балуанын жеңіп, соңғы сында қазақстандық спортшыдан ғана жеңіліс тапқан.

Спортшыны Азия чемпионатына дайындаған жаттықтырушысы – Нұфтолла Түменов. Әрбір жеңілісінің өзінен жігер алатын Әділбекті енді алда Әлем чемпионаты күтіп тұр.

Еске сала кетсек, Ә.Сеисов – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алып жүр. Биыл спортшы ҚР чемпионатында 1-орынды жеңіп алып, «ҚР спорт шебері» дәрежесіне қол жеткізген болатын.

Университеттің медиа-орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале