25.03.2022, 21:16
Оқылды: 166

БҚАТУ студенті «Елбасы медалін» алды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 1-курс студенті Дамир Уапов «Елбасы медалі» жобасының қола медалін иеленді.

медаль

Білім алушыға жүлдесін университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов табыстады. Дамир оқып жүрген Политехникалық институттың директоры Жанна Кубашева жүлдегерді құттықтап, білім шыңында биіктен көрінуіне тілектестігін білдірді. Өз еңбегімен осындай жетістікке жеткен студентті құттықтаған «Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры Айгүл Есенаманова ізденемін деген білім алушыларға университет кітапханасында да көптеген мүмкіндіктер қарастырылғанын айтып өтті.

Өз кезегінде қола медаль иегері Дамир Уапов аталмыш жобаның талаптары мен бағыттарына тоқталып өтті.

БҚАТУ медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале